Монографиялар Предыдущий

Происхождение казахского народа

Оцените!
0.0/5 (0 голосов)

Кітапта алғаш рет қазақ халқының кешенді морфофизиологиялық ерекшеліктерінің нәтижелері толығымен қамтылған. Көне Қазақ жұртын қола дәуірінен бастап (ж.с.д. XX ғ.) кешегі XX ғасырға дейінгі, яғни 40 ғасыр бойы мекен еткен тұрғындарының краниологиялық құрылымдарын өзара салыстыру арқылы олардың үзіліссіз генетикалық ұрпақ жалғастығының ғылыми талдаулары сараланған. Көпсалалы антропологиялық зерттеулердің негізгі нәтижелері кестелер, карталар, дендрограммалар, комбинациялық полигондар, графиктер мен суреттер арқылы нақтыланып берілген.
Қазақ халқы өзінің жері мен елінде тұрақты тұрып жатқаны, оның 4 мың жылдық антропологиялық тарихы барлығының ғылыми анықтамалары бұл еңбекте толық дәлелін тауып отыр. Сонымен қатар бұл монографиялық еңбекте қазақтар мен Еуразияның кейбір түркі тілді халықтардың этноантропологиялық байланыстарына да жаңадан бетбұрыс жасалды.
Кітап антропологтар мен тарихшы ғалымдарға, биологтарға, дәрігерлерге, генетиктерге, археологтар мен этнограф-этнологтарға және лингвистерге, сонымен қатар қазақ халқының этникалық тарихын жан-жақты білгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.

Комментарии