Археологиялық мұра бөлімі бірінші кезекте Қазақстан территориясы мен одан тыс аймақтарда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады.

Институт қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен іске асырылып жатқан гранттық жобалардың жетекшілері және орындаушылары, сонымен қатар Корея Республикасының Мәдени мұра ғылыми-зерттеу институты, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімінің Археология және этнология институтымен бірлескен халықаралық бірнеше ғылыми жобаларды іске асыруға қатысуда.

Институт қызметкерлері 2015 жылдан бастап Қазақстан территориясында тас дәуірінен бастап алғашқы мемелекеттік бірлестіктердің пайда болуына дейінгі ескерткіштерді зерттеген 35 археологиялық экспедиция ұйымдастырып өткізді.

«Халық қазынасы» ҒЗИ дәстүрлі мәдениет бөлімінің негізігі жұмыстары құрылымдық мақсатына сәйкес қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тарихын және бүгінгі күнгі жаңаша өзгерістерін зерттеу саласына бағытталған.

Бөлім қызметкерлері қазақ халқының музыкалық мұрасын, сәндік-қолданбалы және зергерлік өнерін, ұлттық тағамын, ұлттық киімі мен тарихи топонимика мәселелерін зерттеумен айналысады.

Қазақ халқының рухани мәдени мұрасын насихаттау аясында дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар, дәріс-концерттер, пікірталастар ұйымдастырып, мұрагерлер, қоғамдық ұйым сынды қызығушыларды қатыстыра отырып, ұмыт бола бастаған дәстүрлі мәдениеттің сарқыншақтарын зерттеу және жаңғыртады.

Тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және сараптама жүргізу бөлімі бірнеше бағытта жұмыстар атқарады:

Бөлім жұмысының басым бағытының біріне тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау мен сақтау саласындағы Қазақстанның заңнамалық кешенінің қазіргі таңдағы жәй-күйін сараптау мен мониторинг жүргізу жатады. Бұл бағыт бойынша Қазақстанның заңнамалық құжаттарын жинақтау мен өңдеу жұмыстары және алыс-жақын шетелдердегі ұқсас құқықтық құжаттармен салыстырмалы сараптама жасалуда.

Бөлімнің маңызды бағыттарының біріне Сарыарқаның тарихи-мәдени мұраларының геоақпараттық картасы мен деректер базасын жасау саласындағы кешендік іс-шаралар жатады. Бұл жоба ХХІ ғасырдағы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен IT-технологиялардың Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының жағдайын мониторинг жасаудағы мүмкіндіктерін пайдалану аясында өзекті болуда.

Бөлім тұрақты түрде Ұлы даланың тарихи-мәдени мұраларын сақтау мен қорғауға арналған дөңгелек үстел, семинар мен сессиялар ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл жиындардың нәтижесі ретінде ғылыми мақалалар жинағы, әдістемелік ұсынымдар, брошюралар жариялау көзделуде.