Филиал еліміздегі және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыс жасауда. Ғылыми байланыстар тек маманданған бағытпен ғана шектелмей, археология ғылымына жаратылыстану ғылымдарының жетік әдістерін қолдану мен енгізу, әдістемелік және әдістік ұсыныстар беру мен археология саласындағы білім мен біліктілікті жоғарылатуды да қамтуда.
Әріптестік келесі бағыттар бойынша жургізілуде: ғылыми және сараптамалық саладағы әріптестік; ғылыми қызметкерлердің әлеуеті және біліктілігін жоғарылату; ішіне жәдігерлерді бастапқы сақтау және қалпына келтіру шараларын жасау саласы мен мұражайландыру ісі енетін тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін пайдалану және сақтау саласындағы әріптестік.
Филиалдың негізгі еуропалық әріптесі Герман Федеративті Республикасының Бохум қаласындағы тау-кен ісі мұражайымен бірлесе ежелгі металлургия жене тау-кен ісі саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Аталған мұражайдың қызметкерлері Филиалмен біріге отырып, белсенді түрде Еуразияның тау-кен ауданындарында геофизикалық зерттеулер жургізуде.
Филиал Ресейлік ғылыми-зерттеу институттары және зертханаларымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан, атап айтар болсақ, РҒА Миклухо-Маклай атындағы Антропология және этнология институтымен бірігіп ғылыми жұмыстар жұргізуде.
Қазақстанның ежелгі қыш ыдыстар кешенінің техникасы мен технологияларын зерттеуді сияқты маңызды зерттеулерді Филиал Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлерімен бірлесе жасауда.
Ғылым саласындағы байланыс орнатудағы негізгі әріптестерге Азия елінің зертханалары жатады, оның ішінде Корея Республикасындағы Ұлттық мәдени мұраны зерттеу институты мен Ханянь университеті бар.
Әрине, мәдени мұраны зерттеудегі негізгі әріптестеріміз Қазақстандық зерттеу институттары болып табылады, атап айтар болсақ, Қ.И. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институты. Назарбаев Университетінің ғалымдарымен, палеогенетикалық зерттеулер жүргізудеміз, Бұны жаңа және маңызды бағыт деп атаса болады.
Айта кететіні, Филиал кез келген ғылыми байланыстар мен әріптестіктерге дайын, және негізгі бағыттармен шектелмей, әрдайым археология және ежелгі тарих мәселелерін шешудің жаңа жолдарын іздестіруде.


Археологиялық ескерткішткер