D4S 6853

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күнін ұлықтау арқылы ұмыт болған ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды ежелгі ғылыми дәлелді дүниетаныммен сабақтастыра отырып, қайта жаңғырту; елді біртұтастыққа, бірлік пен ынтымаққа шақыру; табиғатқа жақын болуға, оны қадірлеуге үйрету; музейді кеңінен насихаттау.
2017 жылы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін жаңғырту мен насихаттауға арналған музейлік форматтағы кешенді іс-шаралардың концепциясы, бағдарламасы, сценарийлері жасалып, ұйымдастырылып, өткізілді.

D4S 6900

Іс-шара барысында дәстүрлі өнерді жаңғырту мен насихаттау мақсатында жас жеткіншектердің дәстүрлі музыка, сәндік-қолданбалы өнер, бейнелеу, этнодизайн саласындағы өнерлері мен жетістіктері көрсетілді. Ұлттық өнерді жаңғырту мақсатында «Ғылыми жаңғыртылған және жаңа стильдегі ұлттық киімдер» атты дефиле ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Жаңғырған сәндік-қолданбалы өнер» атты шеберлер ауылының таныстырылымы және шеберлік сабақтары өткізілген болатын. Ұлттық музыкалық мұраны жаңғырту бойынша ұлттық караоке дайындалып, «Көктем шақырады» атты балалар концерті өткізілді.

D4S 7367