Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасының мәліметтер базасын жасау және геоақпараттық картографиялау бойынша 2016 жылы жоба бойынша Ақмола облысының Жақсы, Сандықтау және Ерейментау аудандарына қарасты мәдени мұра нысандарының базасы құрылып, геоақпараттық талдау жасалды.
2017 жылы  Ақмола облысы, Жақсы және Сандықтау аудандары бойынша ескерткіштер базасын верификациялау және электрондық базасы жасалды. Зерттеу жұмысының негізгі бағыты – Ақмола облысы аудандарының картографиялық негізін құру, аудандардың топографиялық карталары негізінде гидрография мәліметтері, әкімшілік бірліктерді, жолдарды, су нысандарын және т.б. енгізу барысында аудан аймақтарында табылған археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін жасау, геоақпараттық және тематикалық карталар негізінде мәліметтер базасын құру, аталған аудандарға кіретін ауылдық елді-мекендердің картасын жасау.