Негізгі мақсат – қазақ халқының дәстүрлі тағам түрлері мен ас үй жиһаздарының мән-мағынасын жан-жақты бейнелеу, насихаттау.

D4S 2100
Ұлттық ас мәзірін насихаттау және зерттеу тек ғылыми-танымдық емес, сонымен қатар практикалық маңызға да ие. Бүгінгі күні сұранысқа ие бола алмай қалған дәстүрлі ұлттық ас түрлерін қосымша тағам түрлерімен байыту арқылы, тағам үлгісінің қазіргі заманғы сұраныстарға бейімделуіне әсер ете алады.
Қазіргі уақытта ұлттық дәстүрлі тағам түрлерін зерттеу өзекті болып табылады, өйткені ол халықтың шынайы өмірін, оның қоршаған ортаға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қарым-қатынасын түсінуге мүмкіндік береді.

D4S 1907

Дәстүрлі тағам жүйесі белгілі бір өзіндік тұрақтылыққа ие болса да, қоғамдағы шаруашылық жағдайға қарай тағам тұтынуда да айтарлықтай өзгерістер орын алады. Бүгінде дәстүрлі ас дайындау әдістерін сақтауға, сонымен қатар ас-тағам және сусындарды күнделікті өмірде, салт-дәстүрлерде, діни рәсімдерде, және де дәстүрлі медицинада қолданудың маңызы зор. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау мәселесі өзекті болып тұрғанда, ұлттық құндылық негізінде қабылданатын, маңызды этникалық символдың бірі – халықтың ас-мәзірін насихаттауға үлкен мән беру қажет.

D4S 2123