2015-2017 жж.:

ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Жетекшісі – т.ғ.к. А. Оңғар

Зерттеу аймағы: Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы

Зерттеулердің негізгі бағыттары: Ежелгі халықаралық сауда жолдарының бойында жатқан екі елдің ж.с.д. IV–II ғасырлардағы жерлеу ескерткіштерін жіті зерттеу арқылы архитектурасындағы, дүниетанымы мен жерлеу ғұрпындағы, өнеріндегі, заттарды жасау технологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашу, даму жолдарын айқындау, олардың себебін түсіндіру болып табылады. Мәселен, cақ, үйсін мемлекеттері мен көне Чосон мемлекеті арасындағы мәдени-тарихи байланысты зерттеу.Қазақстанды мекен еткен сақ-үйсіндер мен Корей түбегіндегі Силла патшалығы арасындағы мәдени байланысты анықтау, зерттеу, ортақ құндылықтарды қалыптастыру.

Зерттеу нысаны және кезеңі: Қатартөбе обасы. Ерте темір дәуірі.

Далалық жұмыстарды жүргізу орны: Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы Шәлкөде жайлауы

 

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ САҚ-САВРОМАТТЫҚ МӘДЕНИ КӨКЖИЕГІ: ТАРИХИ ДИАХРОНИЯДАҒЫ ӨЗАРА МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

Жетекшісі – т.ғ.к. А. Оңғар

Зерттеу аймағы: Алматы және Ақтөбе облыстары

Зерттеулердің негізгі бағыттары: Сақ-савроматтық мәдени көкжиекті пәнаралық зерттеу және өзара мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу тұрғысынан ж.с.д. I мыңжылдықтағы Қазақстан аумағындағы этноәлеуметтік-мәдени процестерді теориялық тұрғыдан жаңғырту.

Негізгі зерттеу нысаны және кезеңі: Қарқара жерлеу-ғұрыптық кешені, Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешені. Ерте темір дәуірі.

Зерттеу топтары:

  • Төртоба археологиялық тобы (бастығы А. Оңғар)

Зерттеу нысандары және кезеңі: Төртоба қорымы. Ешкіқырған қорымы. Ерте темір дәуірі.

Далалық жұмыстарды жүргізу орны: Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі

  • Қарқара археологиялық тобы (бастығы А. Оңғар)

Зерттеу нысаны және кезеңі: Қарқара жерлеу-ғұрыптық кешені. Ерте темір дәуірі.

Далалық жұмыстарды зерттеу орны: Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқара ауылдық округі

 

ХРАМДЫҚ КЕШЕНДЕР МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ҮСТІРТ ПЕН АРАЛ БОЙЫ САҚ-МАССГЕТТЕРІНІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН ДІНИ ТҮСІНІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Жетекшісі – т.ғ.к. А. Оңғар

Зерттеу аймағы: Солтүстік Үстірт пен Шығыс Арал территориясы

Зерттеулердің негізгі бағыттары: ежелгі Үстірт пен Арал маңының ежелгі тұрғындарының діни-мифологиялық жүйесінің кейбір аспектілері мен ғибадатханалардың алғашқы бейнесінің теориялық реконструкциясы, Батыс Қазақстан мен оңтүстік-шығыс Арал маңының жерлеу-ғұрыптық кешендерінің материалдарын сараптау.

Зерттеу нысаны және кезеңі: Қараөткел кесенесі, Айғырлы 2 ғибадатханасы, Қатем. Ерте темір дәуірі.

Зерттеу топтары:

  • Арал маңы зерттеу тобы (бастығы А. Оңғар)
    • Түпқараған археологиялық тобы (бастығы А. Оңғар)
    • Маңғыстау археологиялық тобы (бастығы А. Оңғар)

Зерттеу нысандары және кезеңі: Қараөткел кесенесі, Ерте темір дәуірі

Далалық жұмыстарды жүргізу орны: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,Т.Комекбаев атындағы ауыл

Зерттеу нысаны және кезеңі: Айғырлы 2 ғибадатханасы. Ерте темір дәуірі

Далалық жұмыстарды жүргізу орны: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

Зерттеу нысаны және кезеңі: Қатем ғибадатханасы. Ерте темір дәуірі.

Далалық жұмыстарды жүргізу орны: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы

 

КӨНЕТҮРКІЛІК ШИВЭЭТ УЛААН ҚАҒАНДЫҚ ҒҰРЫПТЫҚ КЕШЕНІ

Жетекшісі – т.ғ.д. З. Самашев, орындаушы – А. Оңғар

Зерттеу аймағы: Моңғолия Республикасы

Зерттеулердің негізгі бағыттары: көне түрік мемлекеттілігінің, ру-тайпалар, этносаяси одақтардың бірлігін зерттеу, археологиялық тұрғыдан сараптама жасау.

Негізгі зерттеу нысаны және кезеңі: «Шивээт улаан» ғұрыптық кешені. Ортағасыр кезеңі

 

АРАЛ-КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЕЖЕЛГІ ТҰРҒЫНДАРЫ: КӨШІ-ҚОН МЕН МӘДЕНИЕТТЕР ЭВОЛЮЦИЯСЫ (ТАС ЖӘНЕ ПАЛЕОМЕТАЛЛ ДӘУІРЛЕРІ)

Жетекшісі – т.ғ.к. Т. Мамиров

Зерттеу аймағы: Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы

Зерттеулердің негізгі бағыты: Арал-Каспий өңірінің шығыс бөлігінде тас және палеометалл дәуірінің ежелгі тұрғындарының қоныстану процесі мен эволюциясын, олардың экологиялық жағдайлардың өзгеруіне бейімделуін, шикізат ресурстарын игеруін, үй шаруашылық саласының дамуын, қару-жарақ техникалары мен типологиясын, сонымен қатар Еуразия аумағындағы ескерткіштер мен мәдениеттер арасында этно-мәдени байланыс орнату мәселесін зерттеу

Зерттеу нысаны және кезеңі: Үлкен және Кіші Борсық құмдарының орны мен жағадөң тұрақтары, Құмсай және Ілекшар қорымдары. Тас ғасыры – қола дәуірі.

Далалық жұмыстарды зерттеу орны: Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары

 

ОҢТҮСТІК-БАТЫС БАЛҚАШ МАҢЫ ПАЛЕОЛИТІ (ЕЖЕЛГІ ТАС ДӘУІРІ)

Қосалқы жетекшісі – т.ғ.к. Т. Мамиров

Зерттеу аймағы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Бетпақдала

Зерттеулердің негізгі бағыты – Шу-Іле таулары мен Бетпақдаланың шығысындағы тас дәуірінің ежелгі гоминидтерінің орналасу үрдісін, және олардың экологиялық жағдайларға бейімделуін, олардың шикізат көзін игеруін, шаруашылықтың дамуын, құралдардың техникасы мен технологиясын, сондай-ақ Еуразиядағы ескерткіштер мен мәдениеттер арасындағы этномәдени корреляциясын зерттеу.

Негізгі зерттеу нысаны және кезеңі: Шу-Іле тауларының және оған шектесіп жатқан Бетпақдала өңірлеріндегі тас ғасырының ескерткіштері

Далалық жұмыстарды зерттеу орны: Қарағанды және Жамбыл облыстары

 

ТОРҒАЙ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРЛЕРІНІҢ ОБАЛАРЫ

Жетекшісі: т.ғ.к. А. Оңғар

Зерттеу аймағы: Қостанай облысы Амангелді ауданы; Арқалық қаласының Жаңақала ауылдық округі

Зерттеулердің негізгі бағыты: Торғай даласындағы ерте темір дәуірі халқының жерлеу нысандарының құрылыстарын зерттеу

Негізгі зерттеу нысаны және кезеңі: Қараоба кешені, Саба жерлеу-ғұрыптық кешені. Ерте темір дәуірі