Дәстүрлі мәдениет бөлімінің басым бағыттарының бірі – қазақ халқының музыкалық мұрасын зерттеу.  Дәстүрлі музыкалық мұра атадан балаға мирас болып келген өнер түрі. Ғасырлар бойы сұрыпталып, біздің заманымызға жете білген әр туынды ерекше құнды болып табылады. Білікті ұстаздардың (күйші, дәстүрлі әнші, жыршы-термешілер) арнайы лекция-концерттерін өткізіп және бүгінгі күнгі өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастыру басты мақсат болып саналады.
Негізгі міндеттері:
-    Дәстүрлі әнші-күйшілік, жыршы-термешілік өнерді кеңінен насихаттау;
-    Ұмытылып бара жатқан ән-күйлерді қайта жаңғырту;
-    Дәстүрлі өнер өкілдерін көпшілік қауымға таныстыру.
Осы орайда, 2016 жылы 4, 2017 жылы 2 лекция-концерттер мен кездесулер өткізілген болатын.